Ұлан-Батырда (Моңғолия) бокстан Азия чемпионаты басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасынан рингке екі спортшы шықты. 51 келіге дейінгі салмақта Жазира Орақбаева жарысты Кум Бьель Анға (Солтүстік Корея) қарсы жекпе-жектен бастады. Алайда үшінші раундта жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Нәтижесінде төрешілер жеңісті қарсыласқа берді.
Сондай-ақ, 54 келіге дейінгі салмақта Элина Базарова да жарысты аяқтады. Қазақстандық боксшы үндістандық қарсыласынан жеңілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!