Қазақстан құрамасы Молдовадан екінші ойын қатарынан ұтылды

Қазақстан құрамасы Молдовадан екінші ойын қатарынан ұтылды
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасындағы бесінші матчын өткізіп, Кишиневте Молдоваға 2:1 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды Massaget.kz. 

"Зимбру" стадионында өткен матчта алаң иелері бірінші болып гол соқты. 39- минутта Петру Попеску мергендігімен көзге түсті. 

51-минутта Ислам Чесноков таразы басын теңестірген. Оның алыстан тепкен добы Молдова құрамасы қақпасында тулады. Алайда 77-минутта Петру Попеску екінші голын соғып, дубль жасады. Нәтижесінде командасына жеңіс сыйлады. 

Молдова құрамасы топта 7 ұпаймен 2-орынға көтерілді. Қазақстан болса үшінші рет жеңіліс тапты. Астанада өткен матчта да Молдоваға дәл осындай есеп айырмасымен ұтылған болатын. 

Джон ван'т Схип жаттықтыратын ұлттық құрама келесі ойынын 16 қараша күні Астанада Словакияға қарсы өткізеді. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget