Қазақстан құрамасы Милан-2026 Олимпиадасына тағы 4 жолдама иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Биатлоннан 2025-2026 жылғы әлем кубогы нәтижесінде Қазақстан командасы 4 квотаға қол жеткізді. Осылайша Милан-Кортина ойындарында елімізден 2 ер, 2 әйел сынға түседі.
"Жолдама жеке спортшыға емес, Ұлттық федерацияға берілген. Италияға нақты кімдер баратынын жақында Қазақстан құрамасының бапкерлер кеңесі жариялайды", - деп жазылған министрлік хабарламасында.
Қазір Қазақстан еншісінде мына спорт түрлерінен лицензия бар:
Айта кетейік, XXV қысқы олимпия ойындары Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған әлемнің 93 елінен 3 500-ден аса спортшы қатысады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!