Қазақстан құрамасы Қытайдағы Азия чемпионатында күміс жеңді

Қазақстан құрамасы Қытайдағы Азия чемпионатында күміс жеңді
Фото: ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының командалық турнирінде күміс жүлде иеленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыс бағдарламасы аралас командалық турнирмен аяқталды. Оған он құрама қатысып, әрқайсы алты спортшыдан шығарды.

Қазақстан командасы алғашқы белдесуінде Қытайды 4:2 есебімен жеңді. Жартылай финалда БАӘ құрамасынан 4:3 есебімен басым түсті. Алтын жүлде сарапқа салынған финалда Моңғолия құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен есе жіберді.

Осылайша, ұлттық құрама сапында Дана Әбдірова, Ажар Асхат, Аида Тойшыбекова, Әнуар Жұмагелдин, Айдар Арапов және Ғалымжан Қырықбай Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды.

Еске салайық, жекелей сындардың қорытындысы бойынша қазақстандық дзюдошылар бес медаль жеңіп алды. Әділет Алмат (алтын), Абылайхан Жұбаназар, Эсмигүл Куюлова, Айдар Арапов және Аруна Жангелдина (бәрі – қола) жүлдегер атанды.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 19 елдің ішінде жалпы медальдық есепте 8-орынға тұрақтады. Бірінші орынды Моңғолия құрамасы иеленсе, екінші орынға Тәжікстан өкілдері, үшінші орынға Қытай спортшылары табан тіреді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget