Қазақстан құрамасы қоржынына төртінші алтын медаль түсті

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында байдарка және каноэде ескек есуден қазақстандық спортшылар жеңімпаз атанды. Бұл ұлттық құрама қоржынына түскен төртінші алтын медаль.

Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы 500 метрге ескек есуде үздік шықты. Олар 1:49,237 уақыт көрсеткішімен бірінші келді. Одан кейінгі орындардарды Жапония мен Иран құрамалары еншіледі. 

Айта кетейік, бұған дейін стенд атудан әйелдер құрамасы, 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысананы дәл көздеу сынында Зухра Ирназарова, сондай-ақ Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко стендтік ату турнирінің аралас жұптық сайысында алтын алған болатын. 

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы қоржынында 4 алтын, 7 күміс, 25 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте 10-орынға көтерілді.