Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Нұр-Сұлтанда өткен жолдастық ойында Тәжікстан құрамасын 1:0 есебімен ұтты.
"Астана Аренада" болған ойында жеңіс сыйлаған жалғыз голды 12-минутта Бахтиер Зайнутдинов соқты. Ресейдің ЦСКА командасында ойнайтын отандасымыз қарсылас құрама қақпашысының қателігін оңтайлы пайдаланды. Осылайша ұлттық құрама жылды жеңіспен аяқтады және 15 ойынға созылған сәтсіз сериясына (15 ойын жеңіске жетпеген) нүкте қойды.
Айта кетейік, үш күн бұрын Талғат Байсуфинов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Парижде Франциядан 8:0 есебімен ұтылған болатын. Нәтижесінде 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуді топта соңғы орынмен аяқтаған еді.