Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы бокстан Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы бокстан U17 санатындағы Азия чемпионатында 16 медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бокстан Ташкентте (Өзбекстан) өткен U17 санатындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Қазақстандық боксшылар 17 жасқа дейінгілер арасында 8 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Алтын медальді Нұрасыл Ғалым (50 келіге дейін), Хатшепсут Садвакасова (50 келіге дейін), Эмир Мухит (60 келіге дейін), Аяулым Оспанова (60 келіге дейін), Диана Надырбек (75 келіге дейін), Әлібек Алпамыс (80 келіге дейін), Сабыржан Сағым (80 келіден жоғары), Жансая Ержан (80 келіге дейін) жеңіп алды.

Балым Ғабитқызы (60 келіге дейін), Мейіржан Жүніс (63 келіге дейін), Ислам Сулейманоглы (66 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Милана Иншина (46 келіге дейін), Бекхан Уразбай (52 келіге дейін), Нұрислам Оңалбек (57 келіге дейін), Розалия Вайдеман (57 келіге дейін), Айлин Ходжамбердиева (70 келіге дейін) қола медальға ие болды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget