Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында он медаль еншіледі

Су спорты түрлерінен Ахмедабад қаласында (Үндістан) Азия чемпионаты өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан құрамасы бұл жарыста он медаль жеңіп алды:

  • Сары құрлық чемпионатында 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин бірінші орынға ие болды.
  • Күміс медаль иегерлері: Максим Сказобцов (100 метр, баттерфляй әдісі), София Әбубәкірова (50 метрге арқамен жүзу), Глеб Коваленя (50 метр, еркін стиль), Айбат Мырзамұратов (50 метр, брасс), София Әбубәкірова (50 метр, баттерфляй).
  • Қола жүлде иегерлері: Софья Сподаренко (100 метр, баттерфляй), Максим Сказобцов (50 метр, баттерфляй), Софья Сподаренко (50 метр, баттерфляй), Қазақстан аралас құрамасы (4х100 метрге еркін стиль эстафетасы).

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!