Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медальға ие болды

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медальға ие болды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Доха (Қатар) қаласында стенд атудан Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандастарымыз турнир аясында 5 медальға ие болды. Оның ішінде 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар:

  • Әйелдер арасындағы "скит" сайысында Адель Садақбаева үздік атанды. Сонымен қатар, дәл осы сайыс түрінен Ольга Хайлова үшінші орын алды. Одан бөлек, әйелдер құрамасы командалық сайыста алтыннан алқа тақты.
  • Ерлер арасындағы бәсекеде Эдуард Ещенко күміс медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, ерлер құрамасы командалық бәсекеде қола жүлдегер атанды. 

Айта кетейік, Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget