Қазақстан құрамасы Астанада Словакиямен тең түсті

Қазақстан құрамасы Астанада Словакиямен тең түсті
Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізді. Астанада Словакиямен 2:2 есебімен тең ойнады, деп хабарлайды Massaget.kz. 

Матчта 29-минутта Ислам Чесноков есеп ашты. Екінші тайм басында Роберт Боженик таразы басын теңестірді. 65-минутта Ян Вороговский екінші рет ұлттық құраманы есепте алға шығарды. Алайда ойын аяқталар тұста Адриан Капралик нәтижені теңестіріп кетті. 

Топта 3 ұпай ғана жинаған Қазақстан құрамасы соңғы орында қалды. Молдова 7 ұпаймен 3-орыннан көрінсе, Фарер аралдары 8 ұпаймен 2-орынға тұрақтады. Ал словактар 12 ұпаймен топ жеңімпазы болды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

О. Сансызбай
Logotype Massaget