Қазақстанның семсерлесу бойынша шпагашылар құрамасы Астанада өткен Әлем кубогындағы өнерін қорытындылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарламаның соңғы түрі ретінде ерлер арасындағы командалық жарыстар өтті.
Қазақстандықтар үшінші орын үшін матчке дейін жетті. Эльмир Алимжанов, Никита Жулинский, Вадим Шарлаимов және Александр Федотов қола медаль үшін Жапониямен сынға түсті.
Тартысты өткен кездесуде Жапония құрамасы екі ұпай айырмасымен жеңіске жетті — 44:42. Қазақстан құрамасы төртінші орын алды.
Осылайша, турнир қорытындысы бойынша Қазақстан бір медальмен шектелді. Бір күн бұрын Руслан Курбанов жекелей сында күміс жүлдеге ие болған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz