Қазақстан қоржынына төрт құрлық чемпионатында алғашқы жүлде түсті

Жапонияның Хачинохе қаласында конькимен жүгіру спортынан Төрт құрлық чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы медальды жеңіп алды, – деп хабарлайды ҚР ҰОК.

Ұлттық құрама алғашқы жүлдені әйелдер арасындағы командалық жарыста иеленді. Отандастарымыз бұл бағдарламада үшінші орыннан көрінді. 

Бірінші орынды Канада құрамасы, ал екінші орынды Оңтүстік Корея иеленді.