Ұлттық құрама спортшысы Жанна Мамажанова Роттердамдағы марафонда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, – деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жанна жарыс жолын 2 сағат, 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді.
Айта кетейік, 13-14 сәуір аралығында өткен бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысты. Қазір Қазақстан делегациясында 12 спорт түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
О. Сансызбай