Қазақстандық мерген Әсем Орынбай Дохада (Қатар) өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бестікке еніп, Қазақстан қоржынына алғашқы Олимпиада жолдамасын салды, деп хабарлайды Massaget.kz.
Шешуші кезеңде қазақстандық спортшы 24 нысананың 20-сын дәл көздеп, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады.
1-орын – Yiting Jiang (Қытай) - 34 нысана;
2-орын – Che Yufei (Қытай) - 32 нысана;
3-орын – Monika Stibrava (Словакия).
Әсем Орынбай - стенд атудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Оның еншісінде 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының алтын медалі, сондай-ақ 2022 жылы Осиек қаласында өткен әлем чемпионатында командалық микст сайысында жеңіп алған қола жүлдесі бар.
Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғасады.
Айта кетейік, 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындары Лос-Анджелесте (АҚШ) өтеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!