Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржыны күміс жүлдемен толықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жеткіншектер арасында екінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.
Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды: 273 (119+154) келі. Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді: 268 (122+146) келі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!