Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының алтыны мен күмісін жеңіп алды

Қазақстан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының алтыны мен күмісін жеңіп алды
Фото: AP Photo/David J. Phillip

Қазақстан жеңіл атлетикадан Астанада өтіп жатқан Азия чемпионында екі медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Алтын жүлдені Каролин Чепкоеч Кипкируи жеңіп алды. Спортшы 3 мың метрге жүгірді және бұл қашықтықты 9:01.98 секундта жүгіріп өтті.

Күміс медальді қытайлық Уга Хэ, қола медальді жапониялық Юма Йамамото алды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Ольга Сафронова күміс жүлдегер атанды. Ол 60 метрді 7,32 секунд уақытта жүгіріп өтті.

Алтынды ирандық Фарзана Фасихи алды (7,28 секунд), ал қоланы индонезиялық Валентина Ванесса (7,37 секунд) иеленді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан