Қазақстан жағажайдағы Азия ойындарын сәтті бастады

22 сәуірде Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында өнер көрсете бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Жағажай Азиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы су добынан жарыс жолына шықты.

Алғашқы кездесуде отандастарымыз Таиланд құрамасымен өзара мықтыны анықтады. Негізгі уақыт тең аяқталып, пенальти сериясында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.

Айта кетейік, бүгін жағажайдағы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты өтеді. Шара Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!