Таеквондодан Аликанте қаласында (Испания) өтіп жатқан халықаралық Spanish Open турнирі өз мәресіне жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Бұл жарыста Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдені Бейбарыс Қаблан (87 келіден жоғары) иеленді.
Ал Азим Ниязов (63 келіге дейін) пен Дамир Шүленов (74 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Назым Махмұтова (73 келіге дейін) турнирді қола жүлдемен аяқтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова