Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркияның Анталья қаласында өткен ірі халықаралық турнирде өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.
Отандастарымыз төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі - алтын жүлде.
Антальяда өткен бәсекеде 67 келі салмақта Бағдат Сабаз және 72 келіде Юсуф Ашрапов жеңімпаз атанды.
Ал 63 келіде Еркебұлан Ардақов пен 97 келіде Рахат Бержанов қола медаль иеленді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз