Қазақстан футболында қаржы талан-таражға түскен: Барменқұлов күдікті ме?

Қазақстан футболында қаржы талан-таражға түскен: Барменқұлов күдікті ме?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшысы Әділет Барменқұловқа қарсы қылмыстық іс барын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жуырда Бас прокуратура ҚФФ және бірқатар футбол клубын тексергеннен кейін 3 млрд теңге көлемінде заңбұзушылық анықталғанын мәлімдеді. Федерацияның бұрынғы басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалып, Қаржылық мониторинг агенттігіне жолданғаны айтылды.

"Шынында да, Қазақстан футбол федерациясына қатысты жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір соталды тергеудің басқа деректерін ашып айта алмаймын. Бірақ бүгінде Барменқұловты күдікті деп таныған жоқпыз. Оған қатысты баптар белгіленбеген", - деді Елемесов Сенат дәлізінде.

19 қарашада Қазақстан футбол федерациясы экс-президент Әділет Барменқұловтың отставкасын ресми түрде қабылдады.

Еске салайық, бұған дейін Бас прокуратура мәлімдеме жасап, Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығы кезінде жасалған заңбұзушылықтар анықталғанын айтты.

Оның қатарында орынсыз сыйақы төлеу, инфрақұрылым нысанын салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру деректері бар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget