Қазақстан Еуропа чемпионатында Италиямен ойнайды

Қазақстан Еуропа чемпионатында Италиямен ойнайды
Фото: vk.com

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ширек финалында Италия құрамасымен кездеседі.

«С» тобында Қазақстан құрамасы екінші орын алды. Топтағы соңғы ойында ресейліктер Хорватия құрамасымен 2:2 есебімен тең ойнады. Нәтижесінде Ресей құрамасы 4 ұпай, Қазақстан - 3, хорваттар 1 ұпаймен топтағы нәтижені түйіндеді.

Жарыс ережесіне сәйкес Қазақстан құрамасы «D» тобында бірінші орын алған құрамамен кездеседі. Бұл топта бірінші орынды ешбір гол жібермеген Италия құрамасы еншілеп отыр. Сондай-ақ италиялықтар соңғы Еуропа чемпиондары да.

Қазақстан мен Италия құрамалары 9 ақпан күні кездеседі. Өзге жартылай финалдық ойындар жолдамасы сарапқа салынатын кездесулерде Ресей Әзірбайжанмен, Сербия Украинамен, Португалия Испания құрамасымен ойнайды. Ширек финалдық ойындар 8-9 ақпанға жоспарланған. 

О. Сансызбай
Logotype Massaget