Қазақстан эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қытайдың Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы жарысты екі медальмен қорытындылады.

Жарыстың алғашқы күнінде 4×400 метрлік аралас эстафетада Эльнор Мухитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс чемпион атанып, 3:16.75 деген нәтиже көрсетіп, Қазақстан рекордын жаңартты.

Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Анна Шумило, Мария Шувалова, Аделина Земс және Александра Залюбовская мәреге төртінші болып жетті. Алайда Шри-Ланка құрамасы ереже бұзғаны үшін жарыс қорытындысынан шеттетілді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға көтеріліп, қола медаль иеленді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз