Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Азиаданың плей-офф кезеңіне шықты

Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында командалық турнирдің топтық кезеңіндегі жарысын аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

G тобындағы соңғы кездесуде қазақстандық спортшылар Лаос құрамасымен ойнады. Ойын 3:1 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды.

Осылайша, ұлттық құрама топтық кезеңде үш жеңіске қол жеткізді. Бұған дейін Қазақстан Бангладешті 3:0, Сингапурды 3:1 есебімен жеңген болатын.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық турнирдің плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Келесі қарсылас кейінірек анықталады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз