Қазақстан дзюдодан кадеттер арасындағы Гран-при кезеңін алты медальмен аяқтады

Ташкентте дзюдодан кадеттер арасындағы Гран-при кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыста бір алтын, үш күміс және екі қола медаль еншіледі, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Турнирдің соңғы күні 90 келіден жоғары салмақта Ердәулет Жұмабай финалға шықты. Шешуші белдесуде қарсыласына есе жіберген қазақстандық дзюдошы күміс жүлдегер атанды.

Бұған дейін Қазақстан қоржынына медаль салған спортшылар:

  • Алтын: Әдия Жанахмет (40 келіге дейін);
  • Күміс: Ернат Кеңесбек (55 келіге дейін), Аслан Ерғалиев (60 келіге дейін);
  • Қола: Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін).

Осылайша қазақстандық кадеттер Өзбекстан астанасында өткен жарысты алты жүлдемен аяқтады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!