Қазақстан боксының ардагері Рафаэль Вахитов өмірден өтті

Қазақстан боксының ардагері Рафаэль Вахитов 98 жасқа қараған шағында дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.

"Вахитов Рафаэль Гайсич дүниеден озуына байланысты отбасына және отандық бокс қауымдастығына көңіл айтамыз", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Вахитов Рафаэль Гайсич - ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР еңбек сіңірген спорт қызметкері және еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Павлодар облысының тумасы көптеген чемпионды, спорт шеберін тәрбиелеген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!