Қазақстан баскетболдан Азия ойындарындағы өнерін аяқтады

Қазақстан баскетболдан Азия ойындарындағы өнерін аяқтады
Фото: ҰОК

Қазақстан ерлер құрамасы баскетболдан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарындағы топтық кезеңде соңғы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Үшінші ойында ұлттық құрама Бахрейн командасымен кездесті. Ойын 101:78 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы топтағы үш кездесудің барлығында жеңіліп, С тобында төртінші орын алды. Ұлттық құрама Азия ойындарындағы жарыс жолын аяқтады.

Бұған дейін қазақстандық баскетболшылар Қытайға 61:99, Филиппинге 78:109 есебімен жол берген еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget