"Қазақстан барысын" өткізуге бөлінген 1,075 миллиард теңгенің заңдылығы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.
ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу аясында "Қазақстан барысы" қазақ күресінен турнир өткізуге бөлінген 1,075 миллиард теңге бюджет қаражатының жұмсалу заңдылығын тексеріп жатыр.
Басшылардан, мердігер өкілдерінен жауап алу, тінту және құжаттарды алуды қамтитын тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етуге жатпайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!