Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында тағы үш алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
88 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен 19 жастағы Ерасыл Саулебеков Қазақстан құрамасына үш алтын медаль әкелді. Ол жұлқа көтеруде 153 келі, серпе көтеруде 191 келі көтерді.
Қоссайыс нәтижесі - 344 келі, бұл көрсеткіш оған барлық жаттығу түрінде жеңіс әкелді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз