Қазақстан Азия чемпионатында бірінші алтынды жеңіп алды

Астанада өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынға алғашқы алтынды салды.

54 келіде өнер көрсететін Аяжан Сыдық финалда үндістандық Таманнаны төрешілер шешімімен жеңді - 4:1 (30-27, 29-28, 30-27, 30-27, 28-29). Осылайша, ол Азия чемпионатының жеңімпазы атанды. 

Бұған дейін 52 келіде Бағжан Отынбай турнирдің күміс жүлдегері атанды.