Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға іріктеуді жеңіспен бастады

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін 2018 жылғы қысқы Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Польшаны ұтты. Астанада өтіп жатқан іріктеу турнирінде отандастарымыз қарсыластарынан 4:1 есебімен басым түсті.

Астанадағы іріктеу турнирі 6 қарашаға дейін жалғасады. Ойындар «Барыс Аренада» өтуде. Қазақстандық хоккейші арулар топтағы екінші ойынын бүгін Мексика құрамасына қарсы өткізеді. 6 қарашада Ұлыбританиямен ойнайды. Ойындарды тікелей эфирде «KazSport» арнасы көрсетуде.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан ерлер құрамасы Норвегия елінің астанасы Ослода өткен іріктеу кезеңінен жолдамасыз қайтқан еді.