Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қоржынына үш медаль түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Нұржан Жұмабай жас жеткіншектер арасында 95 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 354 (159+195) келіні еңсерді. Осылайша алтын медаль жеңіп алды.

Әлихан Әскербай дәл осы салмақта жасөспірімдер арасында үшінші орын алды. Отандасымыз қоссайыс нәтижесі бойынша 361 (163+198) келіні көтерді. 

Сондай-ақ, 77 келіден жоғары салмақта жас жеткіншектер арасында Софья Шешукова 232 (100+132) келіні бағындырып, қола медаль жеңіп алды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget