Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатын жеңіп алды

Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатын жеңіп алды
Фото: ФТА

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы  Леон қаласында (Мексика) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында бірінші орын алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем чемпионаты 11-18 маусым аралығында өтті. 

Қазақстан еншісінде 21 медаль, оның ішінде 12 алтын, 3 күміс және 6 қола бар, ал Едіге Емберді әлемдік рекорд орнатып, жарыстың үздік атлеті болып танылды.

Спортшылардың нәтижелері:

Ерасыл Саулебеков (67 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "алтын";

  • Едіге Емберді (73 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "алтын";
  • Денис Полубояринов (81 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "алтын";
  • Никита Абдрахманов (102 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "алтын";
  • Надежда Ли (64 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "күміс";
  • Александра Беленко (40 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша "күміс";
  • Ерасыл Омаров (55 келіге дейін) жұлқи, серпе көтеруде және қоссайыс сомасы бойынша  "қола;
  • Дарья Балабаюк (49 келіге дейін) жұлқи көтеруде "қола".

М. Жәмішжанов