Қазақстан құрамасы Қытайдың Нинбо қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатын бір жүлдемен аяқтады, деп хабарлайды Massaget.kz.
Әлем чемпионатына ұлттық құрама сапында жеті спортшы аттанған еді. Жарыс қорытындысында Қазақстан құрамасы бір күміс медаль жеңіп алды.
Жалғыз жүлдені 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрғиса Әділетұлы иеленді. Қазақстандық зілтемірші жұлқа көтеруде 182 келіні, серпе көтеруде 217 келіні бағындырды. Қоссайыста 399 келі нәтиже көрсеткен ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық спортшылардың нәтижесі:
Айта кетейік, Нұрғиса Әділетұлы 2024 жылы әлем чемпионы атанса, 2022 жылғы дүниежүзілік додада күміс медаль жеңіп алған. Сондай-ақ 2026 жылы Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарында екінші орын иеленді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз