Қазақстандық ауыратлет Денис Полубояринов жастар арасында Мексикада өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
81 келіде өнер көрсететін қазақстандық атлет 323 (143+180) келіні бағындырды. Бұл категорияда екінші орынды италиялық Якопо Фальсинотти еншіледі - 293 (132+161), "қола" мексикалық Ианн Баррерасқа бұйырды - 280 (119+161).
Еске салайық, мұның алдында Ерасыл Сәулебеков (67) пен Едіге Емберді (73) алтын медаль жеңіп алған. Ал Ерасыл Омаров (55) пен Александра Беленко (40) қола жүлдегер атанған. Турнир 18 маусымға дейін жалғасады.