Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриямен кездеседі. Ұлттар лигасының 5-турындағы бұл ойын Алматыда өтеді, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Ойын Қазақстандағы уақытпен сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетілім таратады.
Аустрия ойындағы айқын фаворит саналып отыр. Олар Алматыға бүгін жетті. 7 сағаттық сапардан кейін ұзақ жаттығу жасауды жоспарламаған. Қысқа жаттығу жасап, кешке ойынға бір-ақ шықпақ.
Ұлттар лигасының В дивизионындағы 3-топта Қазақстан 4 ойыннан 1 ұпай жинады. Ал 7 ұпай жинаған Норвегия, Словения мен Аустрия құрамалары бірінші орынға таласып тұр.
Қазақстан құрамасы Аустриямен топтағы екінші ойынын өткізеді. Линцте өткен бірінші матчта қарсыластары 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Отандастарымыз Аустрия қақпасына бұған дейін өткізген ойындарында гол соқпаған.
Станислав Черчесов шәкірттері Аустриямен өтетін ойыннан кейін 17 қарашада Норвегиямен ойнайды. Бұл ойын Ослода өтеді. ![]()
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000-ға дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!