Қазақстан атынан тағы бір белді бәсекеге қатысатын спортшылар белгілі болды

Халықаралық гимнастика федерациясы (FIG) Хорватияның Осиек қаласында өтетін Әлем кубогына қатысушылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының намысын төрт гимнаст қорғайды.

Құрама сапына Милад Карими, Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов және Ілияс Әзізов енді.

Айта кетейік, Хорватиядағы Әлем кубогы 9-12 сәуір аралығында өтеді. Ал бұған дейін Мысырдың Каир қаласында өткен кезеңде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!