Әлемдік рейтингіде 59-орында тұрған қазақстандық теннисші Александр Шевченко Монпельеде (Франция) өтіп жатқан ATP турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол 1/8 финалда ATP рейтингінде 104-орында тұрған франциялық теннисші Грегуар Баррераны 7:6 (7:3), 2:6, 6:3 есебімен ұтты.
Матч 2 сағат 1 минутқа созылды.
Шевченко 7 эйс, 4 қос қателік, Баррер 1 қос қателікпен бірге 5 эйс жасады.
Енді Александр Шевченко ширек финалда қазақстандық тағы бір теннисші Александр Бубликпен ойнайды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз