Жеңіл атлетикадан ел тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанған Тануи Нора Джеруто допинг айыбынан толық ақталды. Бұл туралы Altay Athletics кәсіби жеңіл атлетика клубының ресми сайты хабарлады.
Сіздермен тамаша жаңалықпен бөліскіміз келеді. Клубымыздың спортшысы Тануи Нора Джеруто 2023 жылдың сәуірінде допинг қолданып,барлық жарыстардан шеттетілсін деген айыптардан толығымен ақталды, - деп жазды.
Нора Джеруто – Қазақстан тарихында жеңіл атлетикадан алтын алған алғашқы спортшы. Ол 2022 жылы Юджинде өткен жарыста 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден алдына жан салмаған болатын. Қазірдің өзінде ол осы бағдарлама бойынша әлемдегі үздік 3 спортшының санатына енеді.
Жеңіл атлет 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!