Қазақстан - Армения матчі: ойынды қайдан және қашан көруге болады?

Қазақстан - Армения матчі: ойынды қайдан және қашан көруге болады?
Фото: © Tengrinews.kz / Әлімжан Аманжол

Бүгін, 6 маусымда, футболдан Қазақстан құрамасы Еревандағы "Республикалық" стадионда Арменияға қарсы жолдастық кездесу өткізеді. Ойынды қайдан және қашан көруге болатыны туралы Massaget.kz материалынан оқыңыздар.

Қазақстан – Армения: тікелей эфир

Қазақстан мен Армения құрамалары арасындағы кездесуді Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен тамашалауға болады.

Сондай-ақ, трансляция арнаның сайтында тікелей эфирде көрсетеді.

Матчтің трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 20:50-де басталады.

Бұл жолдастық матч маусымға жоспарланған екі кездесудің біріншісі болмақ. Сейсенбі, 9 маусымда Талғат Байсуфиновтың шәкірттері сырт алаңда Венгрия құрамасымен ойнайды. 

Қазақстан ұлттық құрамасы кейінгі матчін 31 наурызда өткізді. Ол кезде команда Комор аралдарын жеңіп, өз тарихындағы алғашқы олжасын — FIFA Series үй турнирін жеңіп алған болатын.

Бұған дейін Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалар рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады. Қазақстан құрамасы бір сатыға жоғарылады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget