Қазақстан әлемдік теннисте ең үздік үш мемлекеттің бірі атанды

Қазақстан әлемдік теннис элитасындағы орнын ресми түрде бекітті. Бүгінде еліміз ерлер (ATP) мен әйелдер (WTA) арасындағы жаһандық рейтингтің Топ-10 тізіміне енген әлемдегі үш мемлекеттің біріне айналды. Мұндай бірегей нәтижеге Қазақстаннан бөлек тек АҚШ пен Италия ие болып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылдың басында WTA рейтингінде 5-орнын сақтады.

Ерлер арасында Александр Бублик тарихи рекорд орнатты. Гонконгта өткен ATP 250 турнирінде жарқын жеңіске жетіп, әлемдік рейтингте 10-сатыға көтерілді. Бұл - еліміздің ерлер теннисі тарихындағы тұңғыш көрсеткіш.

Сонымен қатар, әйелдер құрамасы "Билли Джин Кинг Кубогы" рейтингінде әлемдегі ең үздік 10 ұжымның қатарына кіреді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!