Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден 2025 жылғы Әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы төртінші ойынын Данияға қарсы өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан-Дания матчындағы алғашқы кезеңде қазақстандық хоккейшілер басым болды. Алайда есеп ашылмады.
Екінші кезеңде алаң иелері есепті ашып, кейін артық құрамдағы мүмкіндікті пайдаланып, есеп айырмасын еселеді.
Үшінші кезеңде Никита Михайлис бір шайба соғып, есепті қысқартқанымен, көп ұзамай даниялықтар тағы бір артық құрамдағы мүмкіндікті тиімді пайдаланды. Содан кейін, араға 20 секунд салып есепті 4:1-ге жеткізді.
Соңғы минутта қарсыластар бос қақпаға тағы бір шайба соғып, жеңіске жетті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова