Қазақстан АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды

Қазақстан АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Қазақстандық жүзгіштер Гринсборода (АҚШ) өткен халықаралық турнирде табысты өнер көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Отандастарымыз бұл бәсекеде 13 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль жеңіп алды.

София Әбубәкірова жеке сайыста 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде алтын алды. Сондай-ақ, 50 метрге шалқалап жүзуде қола жүлдегер атанды.  

Одан бөлек 4×50 метрлік еркін стильде, 4×100 метрлік еркін стильде және 4×50 метрлік аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды.

Максим Сказобцов 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бірінші орын алды. Ал 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанды, 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде үшінші орыннан көрінді.

Сондай-ақ, 4×50 метрлік еркін стильде, 4×100 метрлік еркін стильде және 4×100 метрлік аралас эстафетада алтын жүлдеге ие болды.

Егор Попов 100 метрге еркін стильде жүзуде алтын алды. Сонымен қатар, 4×50 метрлік еркін стильде, 4×50 метрлік аралас эстафетада бірінші орынды иеленді.

Ришат Жұмағұлов 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс медальға ие болды. Одан бөлек, 4×50 метрлік еркін стильде, 4×50 метрлік аралас эстафетада жеңіс тұғырының бірінші сатысынан көрінді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget