Қазақстан Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады

Қазақстан Grand Slam турнирін бір медальмен аяқтады
Фото: ҰОК

Тәжікстанның Душанбе қаласында дзюдодан Grand Slam турнирі аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰОК-қа сілтеме жасап.

Ұлттық құрама балуандары бұл байрақты бәсекеде бір қола медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта Нұрәділ Әлжан жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Сондай-ақ, Асқар Нарқұлов (81 келіге дейін), Даниил Крылов (90 келіге дейін) қола жүлде үшін өткен белдесуде жеңіліп қалды. Осылайша қос балуан жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget