Қазақша трэш-ток. Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жұртты таңғалдырды

Қазақша трэш-ток. Жәнібек Әлімханұлының қарсыласы жұртты таңғалдырды

IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағына үміткер бразилиялық Эскива Фалькао (30-0, 20 КО) қазақ тілінде жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол бұл жазбасын Twitter-парақшасында бөлісті.

"Екі қазақстандықты жеңіп, әлемді билеймін. Менің қара тізімімде бірнеше есім бар. Оларға нокаут күшімді көрсетемін", - деп жазды Фалькао.

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО)  оған жауап берді.

"Қазақ тілім! Болашақ қарсыластарды да қазақша сөйлетіп жібердік! Фалькао, оянсай!" - деп жазған ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек