Қазақша күрес турнирінде мойнын сындырып алған оқушы қайтыс болды

Ақтөбелік 15 жастағы спортшы қазақша күрес бойынша халықаралық турнирде ауыр жарақат алып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 7 қыркүйекте Ақмола облысының Ерейментау қаласында жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир кезінде болған. Белдесу барысында ақтөбелік спортшы қарсыласының әдісінен кейін құлап, ауыр бас жарақатын алған.

Мектеп оқушысы шұғыл түрде Астанадағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бір апта бойы баланың өмірі үшін күресті. Алайда 15 қыркүйекте жасөспірім көз жұмды.

18 қыркүйекте Ақтөбеде жасөспірімді жерлеу рәсімі өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!