Қазақ спорты қара жамылды: жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мезгілсіз өмірден өтті

Қазақ спорты қара жамылды: жазғы Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мезгілсіз өмірден өтті
Фото: instagram.com/sport_comiteti/

Жазғы Cурдлимпиада ойындарының 2022 жылғы чемпионы Фархад Қыстаубаев мезгілсіз өмірден өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаралы хабарды дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы жеткізді.

"Сурдо жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Фархад Қыстаубаев өмірден озғаны туралы қаралы хабар жетті. Бұл - еліміздің спорт қауымдастығы үшін орны толмас ауыр қайғы. Фархад Қыстаубаев - Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Ол 2022 жылы Бразилияда өткен XXIV жазғы Сурдлимпиада ойындарында он сайыстан чемпион атанып, 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қола жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы әрі жүлдегері", - деп жазылған хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от CSP-parasport.kz (@csp_parasport.kz)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget