Кеше Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында бокстан жартылай финалдағы жекпе-жектер аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық сегіз боксшы ақтық сында шаршы алаңға шығады.
Аяулым Оспанова (66 келіге дейін), Камила Оспанова (75 келіге дейін), Елнура Қоңырат (80 келіден жоғары), Арман Мырсәбит (46 келіге дейін), Жұмағали Нұрмахан (50 келіге дейін), Досжан Жұмақан (54 келіге дейін), Даниял Шалқарбай (66 келіге дейін), Мұхамедәлі Рүстембек (80 келіден жоғары) ақтық сында алтын медаль үшін таласады.
Айта кетейік, финал 30 қазанда өтеді. Төрт боксшымыз өзбек елінің спортшыларымен жұдырықтасады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова