Қазақ қызына үйленген тегі канадалық хоккейші әке атанды

Қазақ қызын алған тегі канадалық хоккейші Даррен Диц әке атанды. Қазақстан құрамасының қорғаушысы бүгінде Мәскеудің ЦСКА клубында ойнайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Даррен Диц "Барыста" ойнап жүргенде Іңкәр есімді қазақ қызымен танысып үйленген. Олар енді алғаш рет ата-ана атанып отыр. Отбасында қыз бала дүниеге келді. 

Тегі канадалық хоккейші Қазақстан азаматтығын алған. Ұлттық құрама сапында ойнайды. Ал Іңкәр мамандығы бойынша – филолог. Ол елімізде шетелдіктерді орыс тіліне үйрету курсында жұмыс істеген.

Спорт эмоцияларының бас демеушісі – 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!