Қазақ боксшысы Сұлтан Зауырбек Эдинбургте жекпе-жек өткізеді

Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (13-0, 9 KO) келесі жекпе-жегін Эдинбургте (Шотландия) өткізеді. Бокс кеші 21 шілдеге жоспарланған. 

Бұған дейін боксшы Англияда жекпе-жекке шығады деп күтілген еді. Алайда бокс кеші өтетін орын ауысқан. Ал қарсыласы әзірге белгісіз. 

Сұлтан Зауырбек IBF рейтингінде 14-орында келеді. WBA нұсқасы бойынша 10-орында. Сондай-ақ WBO European чемпиондық атағына ие. 

Отандасымыз соңғы рет наурыз айында жекпе-жекке шықты. Болтонда (Англия) аргентиналық боксшы Факундо Арсені уақытынан бұрын жеңіп шықты.