Қазақ боксшысы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанды

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай топ жарды. Отандасымыз финалда грузин боксшысы Сахил Алохвердовиді жеңді.

48 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Санжар айқын жеңіске жетті. Төрешілер бірауыздан қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.